Ауа райы
Астана -6 °С
Алматы 2 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Америкалық зейнеткер лотереядан 344 миллион доллар ұтып алды

2018 жылдың 15 қараша 2018 16:35

АСТАНА.ҚазАқпарат - Нью-Йорк қаласының 67 жастағы тұрғыны Роберт Бэйли «Powerball» лотереясынан 344 миллион доллар ұтып алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

New York Times-тың хабарлауынша, Бэйли 25 жыл бойы ұқсас реттік сан бойынша «Powerball» лотереясын сатып алып отырған.

«Мен бұл реттік санмен жалғасты лотерея сатып аламын. Бірнеше жылдың алдында, осы сандар арқылы Take Five лотереясынан 30 мың доллар ұтып алған едім. Бұл ақшаны игі істерге жұмсап, ұрпақтарымның жағдайын жасасам деймін. Сондай-ақ, саяхатқа аттану жоспарымда бар», - деді зейнеткер.

Айта кетейік, Роберт Бэйли ұтып алған ақшаны алу үшін 198 миллион доллар салық төлеуі керек болған.

Перевод Мұхтар Қалимоллаұлы
Басты сөздер: Әлем,
Жоғары қарай