Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

«Аманат» байқауы: Нұртілеу Иманғалиұлы мен Михаил Дорофеев сыйлықтары тағайындалды

2021 жылдың 20 мамыр 2021 17:09

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Парламентінің Сенаты журналистер арасындағы «Аманат» байқауына өтінімдер қабылдауды бастады.

Бұл жайында Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Парламент Сенатының ұйымдастыруымен өтетін журналистер арасындағы «Аманат» байқауына өтінімдер қабылдау басталды. Қазіргі таңда байқау комиссиясы құрылып, оған бірқатар Сенат депутаттары мүше болды. Оның ішінде өздері де белгілі журналистер Нұртөре Жүсіп, Дана Нұржігітова және Айгүл Қапбарованың есімдерін ерекше атап өткен жөн», - деп жазды Мәулен Әшімбаев.

Оның атап өтуінше, байқау барысында Мемлекет басшысы қолға алған жаңғыру бағдарының іске асырылу барысын және заң шығару қызметін сараптайтын үздік материалдар анықталады.

«Биыл телевизия, баспасөз, радио және электронды БАҚ салаларына қатысты дәстүрлі жүлделерден бөлек, белгілі қазақстандық журналистер Нұртілеу Иманғалиұлы мен Михаил Дорофеевті еске алуға арналған арнайы сыйлықтар да тағайындалды», - деді Сенат төрағасы.

Айта кетейік, байқаудың шарттары мен талаптары Сенаттың ресми сайтында толық көрсетілген. Жұмыстар 19 мамыр мен 10 маусым аралығында қабылданады. Жеңімпаздардың есімдері журналистер күні қарсаңында белгілі болады.


Автор Марлан Жиембай
Басты сөздер: Парламент, Сенат,
Жоғары қарай