Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алжирдегі орман өртінен қаза тапқандар саны 65-ке жетті

2021 жылдың 11 тамыз 2021 19:20

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Алжирдегі орман өртінің салдарынан қаза тапқан адамдардың саны 65-ке жетті. Бұл туралы Al Jazeera мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Телеарнаның деректеріне қарағанда, табиғи апаттан 37 адам және өртті сөндірумен және іздестіру-құтқару операцияларын жүргізумен айналысқан Алжир армиясының 28 әскери қызметкері қаза тапқан. Ал сейсенбі күні Afrigatenews жаңалықтар порталы 25 әскери қызметкердің қайтыс болғаны туралы хабарлаған еді.

Алжирдің Ұлттық телехабар тарату қызметінің ақпаратынша, орман өрттері елдің бірнеше провинцияларында өршіп тұр. Олар: Джиджель, Сетиф, Беджайя, Аннаба, Тебесса, Блида, Буира, Бумердес, Гельма және Хеншела. Өңірлік биліктің болжамынша, өрт ыстық ауа температурасының салдарынан тұтанған, алайда кейбірінде қолдан от қойған болуы мүмкін. Тілсіз жауды ауыздықтауға Алжир әскерилері көмек көрсетуде.


Басты сөздер: Оқиға, Әлем,
Жоғары қарай