Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алтынвалюта қорының азаюына алтынның қымбаттауы әсер етті – Ұлттық банк

2021 жылдың 12 қазан 2021 11:05

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Ерболат Досаев еліміздің алтынвалюта қорының қыркүйек айында кемуін алтынға деген сұраныстың артуымен байланыстырып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алтынвалюта резервтері биылғы жылғы қыркүйектің соңында 35,6 млрд доллар болып, қыркүйектің басынан бері 1,2 млрд долларға төмендеді.

Алтын портфелі АҚШ қазынашылық облигациялары кірістілігінің өсуі нәтижесінде алтын бағасының бір унция үшін 1731 АҚШ долларына дейін 4,6%-ке төмендеуі салдарынан 0,8 млрд долларға азайды», - деді ол Үкімет отырысында.

Ерболат Досаев бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы активтердің жыл басынан бері 194,3 млрд теңгеге немесе 1,5% ұлғайғанын атады. Осылайша қыркүйектің соңында оның жапы көлемі 13,1 трлн теңге болған.

«Есепті күнге салымшылардың зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын алуға арналған 491,7 мың өтініштерінің орындалып, 1,9 трлн теңге аударылды. Оның 97,5%-ы тұрғын үй мәселелерін шешуге тиесілі. Биылғы 9 айдың қорытындысы бойынша инфляция 6,2% болған кезде 8,9% мөлшерінде кірістілік алынды. Осылайша, биылғы жылдың басынан бастап Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының салымшылары үшін 2,7% мөлшерінде нақты кірістілік қамтамасыз етілді», - деді Ұлттық банк төрағасы.


Жоғары қарай