Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

«Алтын сапа» конкурсына қатысу талаптары өзгереді

2021 жылдың 7 желтоқсан 2021 12:15

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Алтын сапа» конкурсының талаптарын Еуропалық сапаны басқару қорының моделіне сәйкестендіруді ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Үшінші. Мемлекет пен бизнестің міндеті – елде өндірілетін тауарлардың бәсекеге қабілеттілігін бірлесіп арттыру, заманауи сапа жүйесін енгізу. Кәсіпорындардағы бизнес-процестердің диагностикасы осы саладағы жаһандық үрдістерге сәйкес келуі керек. Әңгіме, ең алдымен, Индустрия 4.0 элементтерін цифрландыру және пайдалану туралы болып отыр. Осыған байланысты «Алтын сапа» конкурсының талаптарын кезең-кезеңімен Еуропалық сапаны басқару қорының жаңа моделіне сәйкес келтіру қажет. Біз үздік халықаралық үлгілер мен тәжірибелерге сай болуымыз керек», - деді Мемлекет басшысы «Алтын сапа» сыйлығы жеңімпаздарын құттықтау сөзінде.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы шағын бизнесті тексеруге қойылған мораторий нәтижесінде екі жыл ішінде тексерулер саны төрт есе қысқарғанын атап өтті.

«Қазақстанда екінші жыл қатарынан шағын бизнесті тексеруге мораторий қолданылып келеді. Нәтижесінде тексеру саны төрт есе қысқарды. Өзекті емес және артық реттеушілік талаптарды қысқарта отырып, бизнесті ақылды реттеуді енгізуге мүмкіндік беретін заңнамалық база әзірленді. Тиісті заң жыл соңына дейін қабылданады», -деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


Жоғары қарай