Ауа райы
Астана 23 °С
Алматы 26 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

«Altyn Samǵaý-2019»  ұлттық спорттық жүлдесіне билеттер сатыла бастады

2019 жылдың 30 қазан 2019 19:52

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитеті дәстүр бойынша жылды ұлттық спорттық жүлдемен қорытындылағалы отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан ҰОК жанкүйерлерге жылдың ең маңызды жүлдесіне қатысты бірнеше тосынсый дайындады. Биыл бірінші рет #teamKZ-тің адал жанкүйерлері Спорттық жүлдеге қатысуға, құрама мүшесі атануға, сүйікті спортшыларымен қауышуға мүмкіндік алады. Жанкүйерлер 2019 жылғы Қазақстан спортының басты жетістіктерінің авторы атанған үздік спортшыларды, жаттықтырушылар мен құрама командалардың салтанатты марапаттау шарасына куә болады. Марапаттау рәсімі «Ninety One», НаZима, «Молданазар» тобы, Қуандық Рахым және басқа да отандық эстарада жұлдыздарының қатысуымен өтеді. Бүгін www.ticketon.kz сайтында билеттер сатылымға түсті. «Биыл Қазақстан ҰОК өз жанкүйерлері үшін көптеген тосынсыйлар дайындап жатыр. Біз жүлденің дәстүрлі «атрибуттарын» - спортшылардың «қызыл кілемін», дауыс беру мен марапаттау рәсімін қалдырдық. Енді жанкүйерлер оны теледидардан көріп қана қоймай, сонымен қатар елдің басты спорттық марапатына атсалыса алады. Еліміздің танымал жұлдыздарының қатысуымен өтетін концерттік бағдарлама да ерекше болмақ. Тосынсыйға толы шараны көзбен көрген жақсы. Біз елорданың барлық тұрғындары мен қонақтарын, біздің #teamKZ-тің барлық жанкүйерлерін күтеміз«, - деп атап өтті еліміздің ҰОК баспасөз қызметі. Үздік спортшыларды анықтау форматы өзгеріссіз, әдеттегідей, Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің www.olympic.kz ресми сайтында дауыс беру арқылы анықталады.

15 қарашадан бастап ҰОК ресми сайтында барлық үміткерлердің 2019 жылғы жетістіктері көрсетілген толық ақпарат ұсынылады.

Еске сала кетейік, «Altyn Samǵaý-2019» спорттық жүлдеде паралимпиадалық спорт түрлерінің өкілдері де қатысады. Салтанатты шара 30 қараша күні сағат 18:00-де «Қазақстан» орталық концерт залында өтеді. 2019 жылғы Ұлттық Спорттық жүлденің бас ақпараттық серіктесі «Хабар» арнасы.
Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай