Ауа райы
Астана 9 °С
Алматы 16 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Алтын Орданың 750 жылдығына орай негізгі іс-шаралар қыркүйекте өтеді

2020 жылдың 5 маусым 2020 15:49

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Жошы және Алаша хан кесенесінде ғылыми-реставрациялау жұмыстары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2019 жылы Ұлытау жерінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының қатысуымен өткен «Jezkiik-2019» халықаралық форумында қазақ халқы үшін Ұлытаудың тарихи мәнін ерекше атап өтті. Шыңғыс ханның үлкен ұлы – Жошының мазары қазақ жерінде тұрғанын бүгінде еліміздегі және шетелдегі жұртшылықтың көбі біле бермейді. Оның тарихи тұлғасына әлемнің назарын аударып, кесенесін мәдени тур нысанына айналдыру бойынша міндет қойды. Ұлытау – халықаралық деңгейдегі этнографиялық туризмнің орталығы айналатынына сенім білдірді». Осы орайда биылғы жылы «Ұлық Ұлыстың» (Алтын Орда) 750 жылдығы аясында ғылыми-зерттеу және мәдени іс-шаралар, тарихи-мәдени мұра нысандарын қалпына келтіру, этно-мәдени, экотуризмді дамыту, туристердің қолайлы болуы үшін жағдай жасау және Ұлытауға көліктік-логистикалық инфрақұрылымын дамыту жоспарланып отыр», - деді Ақтоты Райымқұлова ОКҚ алаңы арқылы онлайн режимде халық алдында есеп беру кездесуінде.

Министрдің айтуынша, қазіргі таңда Жошы және Алаша хан кесенесінде ғылыми-реставрациялау жұмыстары жүргізілуде. Ол жерде тарихи-мәдени кешен құрылады. Сондай-ақ «Ұлытау» визит-орталығын аяқтау жоспарлануда.

«Ұлытау – Алтын Орданың алтын бесігіне отандық және шетелдік туристерді тарту мақсатында «Қасиетті Ұлытау», «Хан Жолы», «Теректі әулие» және «Қорғасын құпиясы» жаңа туристік бағыттары әзірленді. Мерейтойдың негізгі іс-шаралары осы жылдың қыркүйек айына жоспарланып отыр. Тарихи кешеннің ашылуы, ғылыми-практикалық семинар, «Жезкиік-2020» халықаралық фестивалі секілді шаралар ұйымдастырылады», - деді Ақтоты Райымқұлова.


Жоғары қарай