Ауа райы
Астана 6 °С
Алматы 5 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алтын Орданың 750 жылдығына арналған көрме өтеді

2020 жылдың 4 қаңтар 2020 08:20

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 4 қаңтарда ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында бірнеше кітап көрмелері ұйымдастырылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кітапхана баспасөз қызметінің хабарлауынша, 4 қаңтарда 2020 жылы аталып өтетін Алтын Орданың 750 жылдығы, әлемге әйгілі ойшыл Әл-Фарабидің 1150 жылдығы мен ұлы Абайдың 175 жылдық мерейтойына, «Волонтер жылына» және «Журналистика ─ дәстүр мен жаңашылдық жаршысы» кітап және фотокөрмелер ұйымдастырылады.

«Абай тағылымы» атты иллюстративті-кітап көрмесінде ұлы Абайдың өмір жолы мен шығармалары, дүниетанымы мен баға жетпес мұрасымен таныстыратын 8 бөлімнен тұрады. «Қалың елім қазағым...», «Абай туралы», «Абайдың дүниетанымы», «Абай шығармалары туралы», «Қазақ халқының рухани асыл мұрасы», «Мерзімді басылымдар Абай туралы сыр шертеді», «Абай» романы – қазақ өмірінің айнасы, үлкен шежіресі», «Абайдың бейнесі суреткерлер көзімен» атты бөлімдерде ұлы Абай тек қазақ халқының ғана ақыны емес, әлемдік әдебиетке ортақ тұлға ретінде көрсетіледі.

« Әл-Фараби мұрасы » атты өте кітап көрмесінде Әбу Насыр әл-Фарабидің өмірі мен қызметін жайында баяндайтын 400-ден астам кітап, фотосуреттер, карталар мен дәйексөздер ұсынылады. Көрем 5 бөлімнен тұрады.

«Айбынды Алтын Орда» атты кітап көрмесінде Алтын Орда мемлекетінің құрылуын, даму тарихын, күйреуін баяндайтын 160-қа таман кітаптар, фотосуреттер, карталар мен дәйексөздер ұсынылады. Көрме 3 бөлімнен тұрады: Алтын Орда мемлекетінің құрылуы, Алтын Орда мемлекетінің даму тарихы мен ыдырауы және Ұлытау - хандар мекені.

«Әлемді жақсы жаққа өзгерт» атты кітап және фотокөрме ұйымдастырылып отыр. Кітап көрмесінің мақсаты – еріктілік бастамалардың қарқынды дамуына қолдау көрсету және ҚР-да волонтерлік мəдениетті дамыту мақстыннда ақпараттық қамтамасыз ету.

Ал «Журналистика ─ дәстүр мен жаңашылдық жаршысы» атты кітап және фотокөрмесінде оқырмандарды Ұлттық академиялық кітапхана қорындағы қазақ журналистикасының тарихы мен бұқаралық ақпарат құралдарының дамуы жайындағы кітаптармен таныстырады.


Жоғары қарай