Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Алтын Ордадан Түркістанға дейін: Жылдың басты мәдени оқиғалары

2021 жылдың 31 желтоқсан 2021 09:20

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2021 жыл мәдениет саласында Алтын Орда мемлекетінің 750 жылдық мерейтойымен, Түркістан қаласының түркі әлемінің рухани астанасы деп танылуымен есте қалмақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

2021 жылы елдегі мәдени шаралардың бәрі Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында өтті. Жыл басныда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Egemen Qazaqstan» газетінде «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақала жариялап, бұл айтулы дата да той тойлау емес, ой ойлау тұрғысынан аталып өтуі керектігін баса айтты.

Мәдениет және спорт министрлігінің дерегі бойынша, 2021 жылы ұзын саны 46 мыңға жуық қоғамдық маңызы бар, ауқымды, жаңа жобалар өткізілген. Оның ішінде мәдениет саласында 45 000 іс-шара, спорт саласында – 500, туризм саласында – 100 жуық іс-шара қолға алынған.

Былтыр бүкіл қазақ даласы Абай Құнанбайұлының өлеңдерімен тыныстап, қара сөздерінен сусындаса, биыл Жамбыл Жабаевтың жырларын жатқа оқыды.

26 ақпанда «жыр алыбының» 175 жылдық мерейтойын ресми түрде мерекелеу басталды.




Ақынның немересі Жамбыл музейінің меңгерушісі Салтанат Жамбылованың айтуынша, бүгінде Жабаевтар әулетінің жүзге жуық ұрпағы бар.

Жамбыл ақынның совет идеолоиясына сіңірген еңбегін Ресей Федерациясының Санкт-Петербор қаласныдағы зиялы қауым да ұмытпаса керек. Шаһарда қазақтың ақынының ескерткішіне гүл шоқтарын қою салтанатты рәсімі өтті.

Түркістан – түркі әлемінің рухани астанасы

Әр қазақтың құлағына бала кезден сіңісті болған осы пафосты тіркес Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің (қазіргі атауы Түркі мемлекеттерінің ұйымы – ред.) бейресми саммитінде қабылданған Түркістан Декларациясына енді. Яғни, киелі қаланың халық берген статусы халықаралық деңгейде ресми мойындалды.




«Түркістан қаласын Түркі әлемінің рухани астанасы деп жариялады. Болашақта ротациялық негізде Түркі әлемінің өзге де әйгілі көне шаһарларына осы іспеттес мәртебе беруге мүмкін болатыны туралы келісті және Хатшылыққа мүше мемлекеттермен бірлесе аталған мәселе бойынша ережені 2021 жылы күзде Түркияда өтетін Түркі кеңесінің 8-ші саммитінің қарсаңында Сыртқы істер министрлері кеңесінің қабылдауы үшін әзірлеуді тапсырды…», - деп жазылған Декларацияда.

Ұлық ұлыс – Алтын Орда

Қазақ мемлекетігінің тарихын 750 жылға тереңдеткен Ұлық ұлыс – Алтын Орданың мерейтойы да ел аумағында өткен мәнді шараның арқауына айналды. Сол мәнді шаралардың түйіні Атырау қаласныдағы халықаралық конференцияда қойылды.




Конференция барысында ҚР ПРезидентінің «Алтын Орда» тақырыбын насихаттау бойынша 7 түрлі бастаманы мақұлдағаны мәлім болды.

Олар:

Бірінші, шетел архивтеріндегі Алтын Ордаға қатысты материалдарды іздеу жұмысын күшейту;

Екінші, республика аумағындағы Алтын Орда қалаларын қайта қалпына келтіріп, соның негізінде тарихи-материалдық кешен құру бойынша жоспар дайындау;

Үшінші, ғылыми монографиялардың шығуын пысықтау», — деген ол Жошы, Берке, Өзбек хандардың тарихи рөлін тереңірек зерттеу көзделіп отырғанын атады.

«Төртінші, «Ұлық Ұлыс» энциклопедиясының шығуын пысықтап, Уикипедиядағы Алтын Орда тақырыбына қатысты қазақ, орыс, ағылшын тіліндегі контентті жаңалау;

Бесінші, Ұлық Ұлыстың Жошыдан Кенесарыға дейінгі хандары туралы, Алтын Орданың рухани және материалдық мәдениеті, қалалары мен сауда саясаты жайлы деректі фильмдер сериясын шығару мәселесін пысықтау;

Алтыншы, алтынордалық эпостар желісімен балаларға арналған ертегілердің шығуын қамтамасыз ету;

Жетінші, Алтын Орда тақырыбы бойынша ашылған тың деректерді ескере отырып, мектеп және жоғарғы оқу орнындағы Қазақстан тарихы пәні бағдарламасының мазмұнын өзектендіру.

Өмірден өткен өнер тарландары

19 қаңтарда қазақтың «Тақиялы періштесі» Әлімғазы Райымбековтің өмірден өткені хабарланды.




Атақты актер алғашқы еңбек жолын ауылда жүргізуші болып бастаған. 1965 жылы алғашқы «Ән қанатында» фильмінің спорттық іс-шараларына шақырту алады. 1966 жылы «Қилы кезең» фильміне түседі. 1968 жылы қазақ киносының алтын қорынан ойып тұрып орын алған «Тақиялы періште» (режиссері Шәкен Айманов) кинофильміндегі Тайлақтың рөлін сомдайды. Осы кезден бастап жұртшылыққа кеңінен танылады. Бұдан бөлек, «Көгілдір такси», «Қан мен тер» секілді оннан аса кинофильмге түскен.

31 наурызда Қазақстан Елтаңбасының авторы Шот-Аман Уәлиханов өмірден өтті.




Ол халқымыздың тарихындағы ардақты тұлғалардың ескерткішін жасап, ер есімін ел арасында ұлықтауға, сәулеті көз тартар ғимараттардың бой көтеруіне сүбелі үлес қосты.

Бұл қатарда елорда төріндегі Кенесары Қасымұлы, Қостанай қаласындағы Ахмет Байтұрсынұлы, Ерейментаудағы Бөгенбай батырдың, ШҚО-дағы хакім Абай мен Шәкәрімнің, Алматыдағы Шоқан Уәлиханов, Дина Нұрпейісова, Əліби Жангелдин, Тоқаш Бокин, Ғани Мұратбаев, Нұрмолда Алдабергенов, Талғат Бигелдинов, Жұмағали Саин, Тайыр Жароков, Тахауи Ахтанов, Əбу Сəрсенбаев, Дінмұхамед Қонаев, Тілес Қажығалиев, Құрманай Омарова, Нұрғали Тасмағамбетов, Шафик Чокинге арналған туындыны халық жақсы біледі. Сол сияқты Алматыдағы «Динамо» стадионы, Алматы қаласы əкімдігінің, қазақ-неміс университеті ғимаратының, Қарағандыдағы Космонавтика монументі сынды еңселі нысанның жобасын жасады.

18 сәуірде Театр және кино актрисасы Ғазиза Әбдінәбиева өмірден озды.




Оның кино саласында сомдаған рөлдері:

1977 - «Нан» – Жамал (реж. А. Тәжібаев)

1982 - «Қауын» – бас кейіпкердің зайыбы (реж. В. Пұсырманов),

1990 - «Қыз жылаған» – Әсия (реж. С. Нарымбетов), «Жел адам» – ауыл тұрғыны,

2009 - Сіз кімсіз, К мырза?» – жолсерік (реж. Қ. Ахметов),

2009 - «Біржан сал» – Бүрме әже (реж. Д. Жолжақсынов),

2011 - «Айналайын» – Сәлима (реж. А. Сатаев);

1996-2000 - Тоғысқан тағдырлар (Роза)

2001-2003 - Саранша (Марго)

2002 - Ләйләнің зары

2007 - Однажды в багажнике – вокзалдағы әйел

2008 - Откройте дверь, я счастье

2012-2013 - «25 км» Қарлығаш (реж. И.Пискунов)

2012-2013 - «Домашние войны» Әже (реж. А.Кирюшенко)

2014 - Кемпір» Күлпәш (реж. Е.Тұрсынов)

2015 – «Зауал» Әже (реж. Ж.Айбасов)

2015 - «Побег из аула» Бас кейіпкердің апасы (реж. Н.Адамбаев)

30 сәуірде Ескендір Хасанғалиев өмірден озды.




Ескендір Өтегенұлы Хасанғалиев 1940 жылы 13 ақпанда Батыс Қазақстан облысында туған. 1959 жылы Құрмaнғaзы aтындaғы Aлмaты мемлекеттiк консервaториясының вокaльды-хор фaкультетiн, 1978 жылы Әл-Фaрaби aтындaғы Шымкент мәдениет институтын бітірді. Өмірін өнерге арнаған Хасанғалиевтің «Атамекен», «Әдемі», «Асыл арман», «Өмірімнің жазы», «Ескірмеген махаббат» әндерін білмейтін қазақ жоқ. Ескендір Хасанғалиев – қазақтың ән өнеріне зор үлесін қосқан сазгер. Оның репертуарындағы авторлық туындылары ел жүрегінен ойып тұрып орын алған. Шығармашылық ғұмырында орыс, татар, неміс ақындарының өлеңдеріне де ән жазған. 200-ге жуық ән, романс және хорға арналған шығармалардың авторы болды. Ескендір Хасанғалиев пен жұбайы Дарико Хасанғалиеваның екі қызы мен бір ұлы бар.

21 мамырда халықтың сүйікті актері Фархат Әбдірайымов қайтыс болды.




Ол «Шанхай», «Ақсуат», «Омпа», «Махаббат тәлкегі», «Сиқыршы демеуші», «Жел адам», «Француз құрбақасынан әзірленген борщ», «Шекара», «Жан жүрегім - Астана», «Параллель әлем», «Гейзер», «Үш лимон», «Батыр», «Ең сұлу» сынды фильмдерге түскен. Фархат Нұрсұлтанұлы РФ «Үздік актер» кино басылымының бас жүлдесін, XXI Халықаралық «Святой Георгий Победоносец» кинофестивалінің Гран-при жүлдесін жеңіп алған. 2020 жылы «Алтын Адам» сыйлығының «Жыл киножұлдызы» аталымын иеленген.

8 шілдеде қазақ кино өнерінің корифейі режиссер Сатыбалды Нарымбетов өмірден өтті.




1969 жылдан «Қазақфильм» студиясында сценарист әрі кинорежиссер ретінде қызмет етті.

1970 жылдан – «Қазақфильм» киностудиясының кинорежиссері болды.

Ал 2005 жылдан бері Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ «Дебют» бірлестігінің жетекшісі болып еңбек еткен еді. Ол «Құрманғазы» атты деректі фильмге (1972 жылы), «Зауал» (1981 жылы), «Күзгі бұралаң жол» (1984 жылы) қысқа метражды фильмдерге, «Ұрын келген күйеу» (1987 жылы), «Созақтан шыққан Гамлет» (1990 жылы), «Көзімнің қарасы», «Жас аккордеоншының өмірбаяны» (1994 жылы), «Омпа» (1998 жылы) және тағы басқа көркем фильмдерге режиссерлік еткен.

Сондай-ақ ол түсірген «Аманат» және «Мұстафа Шоқай» атты тарихи фильмдер көрерменнің жүрегінің төрінен орын алды.


Жоғары қарай