Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Алты жылда алғаш рет инфляция 13 пайыздан асты– Экономика министрі

2022 жылдың 12 мамыр 2022 11:49

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыровтың айтуынша, кейінгі 6 жылда алғаш рет инфляция көлемі 13,2 пайыз межеден асқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мысалы АҚШ-та инфляция 8 пайыздан асып кетті. Бұл да олар үшін үлкен рекорд. Германияда, Ресейде, Өзбекстанда рекордтар тіркелді. Қазақстанда да рекорд үлкен – сәуірдің қорытындысы бойынша кейінгі 6 жылда алғаш рет 13,2 пайыз болып отыр. Азық-түлік инфляциясы жалпы тұтыну бағаларының индексіне қатты әсер етуде. Азық-түлік бағасы карантин кезінде логистикалық тізбектердің үзіліп, кейнігі геосаяси ахуал бұл мәселені ушықтырып жіберді. Үкімет пен Ұлттық банк тиісті щаралар қабылдап жатыр. Инфляцияны ауыздықтауға арналған шаралар кешені бар. Ұлттық банк ақша-кредит саясатын жүргізсе, Үкімет жедел және жүйелі шаралар қабылдап жатыр. Ең бастысы азық-түліктің импортын алмастыруды 80 пайыздан 100 пайызға дейін жеткізу мақсат етіліп отыр», - деді министр.

Сондай-ақ, ол азық-түліктің негізгі түрлерін Қазақстанның өз өндірісі беріп отырғанын еске салды.

«Сүт, сүт өнімдері, нан-тоқаш сияқты өнімдер негізінен өзімізде шығады. Кейбір өнімдер бойынша 100 пайыз отандық өндіріс қамтамасыз етілген. Бірқатар өнімдер бойынша да осы межеге жетуді көзделуде. Ауыл шаруашылығы, Сауда министрліктері тиісті жұмыстар атқарып жатыр. Қант бойынша импортты толық алмастырып отырған жоқпыз. Елдегі қант зауыттар қажеттілікті толық жаба алмай отыр. Бірақ жаңа зауыттар ашу жоспары бары. Жармаға келсек, көбі өзімізде өндіріледі. Нарықты толық қамтамасыз ету үшін тек көлемін ұлғайту керек», - деді Әлібек Қуантыров.

Бұған дейін ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының (ӘМАТ) бағасын ұстап тұру мәселелері жөніндегі кеңесте әкімдердің осы бағытқа жетекшілік ететін орынбасарлары жағдайды бақылап, тиісті шаралар қабылдауы қажеттігін айтқан болатын.


Жоғары қарай