Ауа райы
Астана 23 °С
Алматы 20 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Алты облыста ауа райына байланысты ескерту жасалды

2020 жылдың 5 маусым 2020 19:15

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ақтөбе, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан, Атырау, Түркістан, Қызылорда облыстарында қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

6 маусымда Ақтөбе облысында кей жерлерінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соққан желдің жылдамдығы 18 м/с жетеді.

6 маусымда Маңғыстау облысының кей жерлерінде күн күркіреп, найзағай жарқылдайды. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.

6 маусымда түнде Шығыс Қазақстан облысындағы таулы жерлерде жаңбыр жауады, арты қарға ұласуы мүмкін. Кей жерледре найзағай ойнап, дауыл соғады. Күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен cоғатын желдің күші кей жерлерде 15-20, күндіз екпіні 25 м/с жетеді.

Сол күні Өскеменде найзағай ойнап, күндіз бұршақ жауады. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен соққан желдің екпіні 15-18 м/с жетеді.

6 маусымда Семейде найзағай ойнап, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен соққан желдің екпіні 15-18 м/с жетеді.

6 маусымда түнде Атырау облысының кей жерлерінде найзағай, күндіз шаңды дауыл со,ады. Солтүстік-батыс, солтүстіктен соғатын жел жаңбыр кезінде 15-20 м/с жетеді.

Сол күні түнде Атырау қаласында күн күркіреп, найзағай жарқылдайды.

6 маусымда Түркістан облысының кей жерлерінде шаңды дауыл соғады. Шығыстан тұрған желдің жылдамдығы 15-20, екпіні 25 м/с күшеюі мүмкін.

Сол күні күндіз Шымкентте шығыстан екпіні 15-20 м/с жел соғады.

6 маусымда Түркістан қаласында шығыстан соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

6 маусымда Қызылорда облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді, арты шаңды дауыл ұласуы мүмкін.


Басты сөздер: Ауа райы, Аймақ,
Жоғары қарай