Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алты облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды

2021 жылдың 22 қаңтар 2021 18:06

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда алты облыс аумағында ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

23 қаңтарда Атырау облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады.

Ертең Атырау қаласында тұман түсіп, көктайғақ болуы мүмкін.

23-24 қаңтарда түнде Ақмола облысында ауа температурасы 30-35, кей жерлерде 38 градусқа дейін күрт төмендейді.

23-24 қаңтарда түнде Көкшетауда 32-34 градус аяз болуы мүмкін.

23 қаңтарда Қостанай облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын соғады, тұман түсуі мүмкін. Оңтүстік батыстан соққан жел, солтүстікке ауысады, түнде кей жерлерде жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

23 қаңтарда Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман түсіп, жаяу бұрқасын соғуы мүмкін. Жел оңтүстік батыстан солтүстік батысқа ауысады, кей жерлерде 15-20 м/с күшейіп, күндіз екпіні 23 м/с жетеді.

Ертең күндіз Қызылорда қаласында жаяу бұрқасын соғуы ықтимал. Жел оңтүстік батыстан солтүстік батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді.

23-24 қаңтарда түнде Солтүстік Қазақстан облысында ауа температурасы минус 30-35-ке дейін төмендеуі мүмкін. 24 қаңтарда түнде кей жерлерде 40 градус қатты аяз болады.

23 қаңтарда түнде Петропавлда ауа температурасы минус 32-34 дейін төмендейдіі, 24 қаңтарда түнде 37-39 градус қатты аяз болуы ықтимал.

23 қаңтарда Қарағанды облысының кей жерлерінде боран соғады, тұман түсіп, көктайғақ болуы мүмкін. Жел оңтүстік батыстан соғады, 15-20 м/с дейін күшейеді.


Басты сөздер: Ауа райы, Қазгидромет,
Жоғары қарай