Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алтай тауында ілбіс фототұзаққа түсіп қалды

2021 жылдың 23 маусым 2021 00:58

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Алтай қорығында орнатылған фототұзаққа ілбіс түсіп қалған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі National Geographic-ке сілтеме жасап.

Қарағай лақапатты қар барысы жартаста жортып жүргенде жасырын камераның қасынан өткен. Әуелде фототұзақты байқағанда мән бермеген аң екі айдан кейін тағы бір көргенде камераға шабуыл жасады. Бірақ барыс тістеп алса да фототұзақ әлі күнге дейін жұмыс істеп тұр.

Талдау көрсеткендей, Қарағай үнемі Алтай тауының Чихачев жотасында жүреді. Бұл Ресей мен Моңғолияның шекарасындағы тұс. Дәл осы жерді Алтай қорығының ең кәрі аңы - Хоргай мекендеген. Алайда ол әлі күнге дейін камера объективіне ілікпей келеді.

Чихачев жотасында фототұзақтар арқылы барыстарды бақылау 2011 жылдан бастап жалғасып келеді.

Жоғары қарай