Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы -7 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алтай Көлгінов ұзаққа созылған құрылыс қарқынын арттыруды тапсырды

2020 жылдың 8 тамыз 2020 15:41

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов таңертеңгілік аралау барысында «Шығыс» тұрғын үй кешеніне жататын блоктарының құрылыс барысымен танысты. Қала әкімі құрылыс қарқынын арттыруды жүктеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Таңертеңгілік аралау барысында «Шығыс» тұрғын үй кешеніне жататын 1а, 1в, 2а, 2в, 3а, 3б блоктарының құрылыс жұмыстарының барысымен таныстым. Бұл жердегі барлық блоктарда жұмыстар жүргізіліп жатыр. Құрылыс қарқыны мен жұмысшылар санын арттыруды тапсырдым. Қазіргі қолайлы ауа-райын барынша пайдаланып, үйлердің, шатырлардың қасбетімен айналысу керек. Сонымен бірге инженерлік желілерге уақтылы қосып, абаттандырумен айналысу қажет. Нысандағы жұмыстарды кестеге сәйкес аяқтау маңызды. Өз тарапымыздан барлық кедергілерді жоямыз, тиесілі қаржы бөлінген», – деп жазды Алтай Көлгінов.














Басты сөздер: Нұр-Сұлтан, Құрылыс, Тұрғын үй,
Жоғары қарай