Ауа райы
Астана 24 °С
Алматы 30 °С
валюта бағамы
USD 409.19
EUR 461.24
RUB 5.67
CNY 58.26

Алтай Көлгінов шектеу шараларының қатаңдатылуы мүмкін екендігін ескертті

2020 жылдың 26 мамыр 2020 17:46

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов шектеу шараларының қатаңдатылуы мүмкін екендігін ескертті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мемлекет басшысы Жарлығының (Төтенше жағдай режимі туралы) дер уақытында қабылдануының арқасында вирустың таралуына жол бермеу мәселесін бақылауға ала алдық. Және де қазіргі уақытта вирустың мұнан да көптеп таралуына жол бере алмаймыз. Бұрынғы қалыпты өмірімізге қайта оралуымыз біздің әрқайсымызға байланысты», - деді қала басшысы Хабар-24 телеарнасының тікелей эфирінде.

Оның атап өтуінше, елорда тұрғындарының қауіпсіздік шараларын сақтамау фактілері әлі де болса кездесіп жатыр.

«Біз жаңа жағдайда өмір сүруге үйренуіміз қажет. Сондықтан қауіпсіздік мақсатында құрылыс нысандарынан бастап адамдар көп жиналатын жерлерге мониторинг жасап отырамыз», - деді Алтай Көлгінов.


Жоғары қарай