Ауа райы
Астана -7 °С
Алматы -13 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматының жедел жәрдемі COVID-19-дың ықтимал толқынына дайын ба

2020 жылдың 30 қазан 2020 15:16

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда өткен онлайн брифинг барысында қалалық Жедел жәрдем қызметінің бас дәрігерінің міндетін атқарушы Біржан Оспанов жедел жәрдем қызметінің COVID-19 инфекциясының ықтимал екінші толқынына қандай дайындық жасап жатқанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Коронавирус инфекциясының екінші толқыны болып жатқан жағдайда дайын болу үшін біздің бригадалар саны 220-ға артты. Қосымша 40 бригада дайындалды. МӘМС есебінен 20 көлік резервке қойылды. Әкімдіктің тарапынан көрсетілген көмек аясында жекеменшік компаниялардан тағы 20 көлік әзір тұр. Дәл қазір бізде 180 бригада 11 қосалқы станса жұмыс істеп жатыр. Оның ішінде дәрігер, фельдшер, жүргізушілер бар», - деді Біржан Оспанов.

Аурудың көрсеткіштері артқан жағдайда фельдшер саны 120-ға дейін артпақ.

«Осыған байланысты біз Алматы медициналық колледжі мен Республикалық медициналық колледжден 60 ерікті, жекеменшік медициналық орталықтардан 60 фельдшер дайындап отырмыз. Ақпараттық-жедел орталықтарда кеңес беретін 22 маман қосылады»,- деді спикер.

Сонымен қатар, жедел жәрдем көліктерінде зарарсыздандырудың заманауи технологиясы қолданыла бастады.

I және II эшелон емханаларында барлық жедел жәрдем көліктері суық бу генераторымен дезинфекцияланады.

«Пациентті жеткізген соң көліктер стационарда бірден зарарсыздандырылады. Ол үшін байланысссыз бу генераторы қолданылады. Ал бұрын көліктер стансаға қайта оралып сол жерде санитар қызметкерлер тазалайтын», - деді ол.


Жоғары қарай