Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматының жаңа бас жоспары қашан қабылданады

2021 жылдың 22 шілде 2021 20:45

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасының басшысы Алмасхан Ахмеджанов Қаланың бас жоспары қашан қабылданатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бас жоспар әлі де талқылануда. Ол қоғамдық ұйымдардың пікірін ескере отырып талқыланады. Біз топтарға бөліндік. Әр топ жоба әзірлеушілерімен жеке жұмыс істейді. Менің ойымша, тамыз айында біз түпкілікті шешімге келеміз. Жақында ғана мен көлік инфрақұрылымы бойынша болған мәселелер мен ескертулерді талқылауға қатыстым. Жұмыс жақсы жүріп жатыр, бұл мәселелерді қоғам белсенділері арқылы талқылаған кезде пайдалы деп санаймын. Соңғы ескертулерді әзірлеушілер жойғаннан кейін, біз дайын материалмен қоғамдық тыңдауларға шығамыз деп үміттенемін», – деп жауап берді басқарма басшысы Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде.

Спикер сарапшылардың заңнамаға сәйкес келетін және бас жоспарға енгізуге болатын барлық ескертулерін қабылдағанын айтты.

«Негізінен жол айрықтарының санын қысқарту, көшелердің тауға емес, қалаға кіреберіс жағынан сыртқы көліктерге жолдар жасау туралы ескертулер болды. Сыртқы көлік – бұл қаланың экологиялық компонентіне әсер ететін элементтердің бірі... 300-ге жуық ескерту бар», – деді ол.

Оның айтуынша, соңғы кезең тамыз айында болады. Бұдан әрі қоғамдық талқылаулардан басқа, рәсімдік процесс, жобаны сараптау, мәслихатта таныстыру болады. Содан кейін мәслихат жобаны үкіметтің бекітуіне беруі тиіс.


Басты сөздер: Құрылыс, Алматы, Әкімдік,
Жоғары қарай