Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматының Түрксіб ауданында 144 көше жөнделген

2021 жылдың 5 мамыр 2021 05:36

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласы Түрксіб ауданының әкімі Бақытжан Ақжаров онлайн брифинг барысында ауданда атқарылған жұмыстар жайында баяндады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, мердігерлер жол құрылысы мен көлік инфрақұрылымының сапасын жақсарта түскен.

Алдағы уақытта «Әлмерек», «Қайрат» және «Нұршашқан» шағынаудандарында жаңа жолдар салынады.

«Әлмерек» шағынауданында ұзындығы 14,6 шақырым болатын 46 көшеде жаңа асфальт төселеді. «Қайрат» шағын ауданында 29,3 шақырым болатын 78 көшеде және «Нұршашқан» шағын ауданында ұзындығы 5,1 шақырым болатын 25 көшеде жаңа асфаль пайда болады. Оған қоса аудан бойынша ұзындығы 13,5 шақырым болатын 20 көшеге орташа жөндеу жүргізіледі», - деді аудан әкімі.

Мамыр айының соңына дейін Т. Рысқұлов даңғылында 4 шақырым тротуар салынады.

Сондай-ақ биыл 12 учаскеде тротуар салу жоспарланған.

Қазір Бұқтырма - Құлжа жол айрығының құрылысы жүріп жатыр.

«Бүгінде 144 көше жөнделіп, 6,1 мың шаршы метр асфальт төселді. 16 көшеде жұмыс жалғасып жатыр. Барлық жөндеу жұмысы тиісті қарқынмен жүргізілуде. Түрксіб ауданында 37 көше бойынша 81,5 км арық бар. Бүгінде жасыл экономика басқармасы әзірлеп жатқан ЖСҚ бойынша 125 көшеде 100 км арық желілерін салу қажет», - деді Бақытжан Ақжаров.


Жоғары қарай