Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Алматының Спорт басқармасына жаңа басшы келді

2022 жылдың 26 мамыр 2022 18:11

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласы Спорт басқармасының басшысы болып Ерден Рашидұлы Хайруллин тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ерден Рашидұлы Хайруллин 2009 жылы Қ. Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университетін «Автоматтандыру және басқару» мамандығы, 2011 жылы Қ. Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университетін «Экономика» мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаматтық авиация академиясынын авиация техникасы және технологиясының магистрі дәрежесін алған.

2012-2019 жылдары Алмалы ауданы әкімі аппаратында кәсіпкерлікті және өнеркәсіпті дамыту бөлімінің бас маманы, осы бөлімнің басшысы болып қызмет атқарған.

2019-2022 жылдары Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің орынбасары болып жұмыс істеген.


Басты сөздер: Алматы, Тағайындау,
Жоғары қарай