Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматының қай көшелерінде жол апаты жиі болады

2021 жылдың 14 сәуір 2021 13:57

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы Полиция департаменті 2021 жылы ең көп жол апаты болған қиылыстардың тізімін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Департамент таратқан мәлімет бойынша, қаңтардан сәуірге дейін орын алған көлік апаттарының басым бөлігі бес көшенің қиылысында болған:

- Төле би мен Тұрғұт Озал көшелерінің қиылысы (бес жол апаты, бес адам зардап шеккен).

- Абай даңғылы мен Байтұрсынов көшесінің қиылысы (төрт апат, төртеуі жарақат алып, біреуі көз жұмды).

- Солтүстік айналма көшесінің бойымен «Адем» сауда үйінің жанында (үш жол-көлік оқиғасы, төртеуі жарақат алды және біреуі мерт болды).

- Б. Момышұлы мен Мөңке би көшелерінің қиылысы (екі апат, 10 адам жарақат алды).

- Сейфуллин даңғылы, «MEGA» сауда-ойын-сауық орталығының маңы (бір жол-көлік апаты, бес адам жарақат алып, біреуі көз жұмды).


Автор Алма Мұқанова
Басты сөздер: Алматы, Көлік, Оқиға,
Жоғары қарай