Ауа райы
Астана 13 °С
Алматы 9 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Алматының бірнеше көшесінде ыстық су беру уақытша тоқтатылады

2020 жылдың 5 маусым 2020 09:57

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат–Алматының солтүстік бөлігінде орналасқан бірнеше көшеде ыстық су беру уақытша тоқтатылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алматы жылу желілері» ЖШС хабарлауынша, маусым айында Түрксіб ауданында орналасқан бірнеше үй мен ғимаратта ыстық су беру кезең-кезеңмен тоқтатылады.

Лисаковская - Айша бибі, Волочаевская – Береке, Кожедуба - Янки Купалы, Сүйінбай – Қазақбаев, Терешкова – Эйхе, Жайсан – Космическая, Кассина - Ақан Сері, Хетагурова – Котельникова, 8-12 маусым аралығында;

Майлин – Сүйінбай - Дөнентаева – Монтажная – Физули, «Алтай-1», «Алтай-2», «Жұлдыз-2», 8 маусым мен 7 шілде аралығында тоқтатылады.

Компанияның мәліметінше, «Волочаевская, 381», «Таштитова 7», « № 80 мектеп», «Сейфуллин 152а « және «СВК» қазандықтарының су жылытатын желілеріне жөндеу жұмыстары жүргізіледі.


Автор Алма Мұқанова
Басты сөздер: Энергетика, Алматы,
Жоғары қарай