Ауа райы
Астана -14 °С
Алматы -3 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматының Алатау ауданында 10 күн ыстық су болмайды

2020 жылдың 3 шілде 2020 11:45

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматының Алатау ауданында орналасқан бірнеше көшеде ыстық су беру уақытша тоқтатылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алматы жылу желілері» ЖШС хабарлауынша, Алатау ауданында орналасқан бірнеше үй мен ғимаратта ыстық су 10 күнге өшіріледі.

«2020 жылдың 7 шілдесі мен 17 шілдесі аралығында «Саялы-2» ықшам ауданында ыстық су болмайды. Арқалық және Саин көшесінің шығыс жағында орналасқан бірқатар тұрғын үйлер мен басқа да ғимараттарға ыстық су беру шектеледі» делінген хабарламада.

Компанияның мәліметінше, шектеулер алдағы жылыту маусымына дайындыққа байланысты енгізілген.


Жоғары қарай