Ауа райы
Астана -25 °С
Алматы 2 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматылықтарға коронавируспен күрес бойынша тегін психикалық көмек көрсетіліп жатыр

2020 жылдың 3 желтоқсан 2020 22:58

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда COVID-19 жұқтырғандарға және айыққандарға тегін психикалық көмек белсенді түрде көрсетіліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен онлайн-брифинг барысында Алматы қаласы Психикалық денсаулық орталығының директоры Сапар Рахменшеев айтты.

Оның айтуынша, коронавирус пандемиясы кезінде карантинге байланысты жаппай дүрбелең байқалған жоқ, бірақ қоңырау шалушылардың саны артты.

«Өзін-өзі оқшаулау режимі ұзартылғаннан кейін орталыққа хабарласушылардың саны күрт өсті.Карантиннен шаршау, апатия, болашақ үшін алаңдау, абыржу және ауырып қалудан қорқу, депрессиялық күйлер туралы шағымдар артты», — деді бас дәрігер.

Сонымен қатар, ол орталық директоры қорқынышпен қалай күресуге және психологиялық көмек алу үшін қайда жүгінуге болатынын айтты.

«Егер коронавирус ауруы анықталса, адамдарда олар енді жазылмайтындай үрей пайда болады. Мұндай жағдайларда барыншы сабырлы болып, үрейленбеу керек. Негізгі мәселе – дәрігерге сенім арту. Көптеген адамдар пациенттерді диспансерге жатқызады деп ойлап, бізге келуден қорқады. Бірақ іс жүзінде олай емес. Біздің қызметкерлер оларға онлайн психологиялық көмек көрсетеді немесе ауруханаға кеңес алуға шақырады, біз ешкімді бірден ауруханаға жатқызбаймыз. Барлық азаматтарға көмек тегін көрсетіледі», — деді ол.

Сондай-ақ, 8 (727) 376-5660 нөмірі бойынша тәулік бойы психологиялық көмек көрсететін жедел желісі жұмыс істейді. Онда күніне 20 адамға дейін ақысыз кеңес беріледі.


Жоғары қарай