Ауа райы
Астана 5 °С
Алматы 8 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматылықтардың сақтандыру жарнасы 73 млрд теңгеден асты

2020 жылдың 7 тамыз 2020 02:47

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат –2020 жылдың 30 шілдесіне дейін Медициналық сақтандыру қорына 379,6 млрд теңгеге жуық қаржы жинақталды. Бұл туралы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Алматы қалалық филиалы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алматы қаласы республика бойынша жарналар мен аударымдардың көлемі жағынан көш бастап тұр – жинақталған соманың бестен бір бөлігі бұрынғыша, оңтүстік астананың еншісінде. Жалпы, сақтандыру жүйесі іске қосылған 2017 жылдың 1 шілдесінен 2020 жылдың 30-шілдесіне дейінгі аралықта Алматы қаласынан Қорға 73,8 млрд теңгеден астам жарна аударылды. Оның 63,4 млрд теңгесі – жұмыс берушілердің қарамағындағы жұмыскерлер үшін жасаған аударымдары болса, қалған 10,4 млрд теңге – жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық келісімшарт бойынша еңбек ететіндерге тиесілі», - деді филиал директоры Тлеухан Әбілдаев

Сондай-ақ, бірыңғай жиынтық төлеушілер саны да артып келеді. Алматы қаласы бойынша 2019 жыл басынан бері өзін-өзі жұмыспен қамтыған 185 мыңнан астам адам 275,8 млн теңге көлемінде бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ) төлеген.


Жоғары қарай