Ауа райы
Астана 28 °С
Алматы 29 °С
валюта бағамы
USD 411.66
EUR 465.92
RUB 5.81
CNY 58.79

Алматылықтардың 40 млн теңгесін қолды еткен алаяқ  ұсталды

2020 жылдың 29 мамыр 2020 12:23

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат –Алматыда ер адам ақша айырбастау пунктінің менеджері ретінде қала тұрғындарын алдаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Екі жылдан астам уақыт бойы 39 жастағы ер адам Алматы полиция департаментінің тергеу органдарынан жалған құжаттармен жасырынып жүрген.

«Алматыда бірнеше тұрғындар ұзақ уақыт бойы ерекше жолмен алдап келген алаяқтың құрбаны болды. Күдікті – 1981 жылы туған, П.есімді азамат. Ол Алматы қаласының тұрғыны, жедел ұлттық валютада да, шетел валютасында да ауқымды биржалық операциялар жасауды қажет еткен адамдарды ғаламтор арқылы іздеген. Күдікті өзінің арам пиғылын жүзеге асыру үшін, тиімді түрде, валюталармен айырбастау операциялары туралы жарнамалар ұсынған. Келіссөздер аяқталғаннан кейін, ол клиенттермен жалға алынған айырбастау пункттерінде кездескен. Кейін қолма-қол ақшаны алып, оның дұрыстығын тексеріп шығамын деп артқы бөлмеге кіріп, өзге есіктер арқылы қашып кетіп жүрген. Бұл қылмыстардың ерекшелігі есімі мен тегін жиі ауыстырып жалған жеке куәліктері дайындаған», – дейді Алмалы аудандық полиция басқармасының басшысы Есен Ысқақов.

Күдікті қазір қамауға алынды. Жалпы, Алмалы ауданының аумағында ол осыған ұқсас төрт қылмыс жасаған. Материалдық шығын 40 миллион теңгеден асады. Аудандық ПБ тергеу бөлімі оның қаладағы басқа қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері, күдіктінің қылмысына байланысты қала тұрғындарға келесі нөмірлер арқылы хабарлауға шақырады: 254-46-01; 254-46-08; 254-46-12; 8-775-106-18-84 және 8-708-707-92-02. Алматы қаласы.


Автор Алма Мұқанова
Басты сөздер: Алматы, Қылмыспен күрес,
Жоғары қарай