Ауа райы
Астана -6 °С
Алматы -8 °С
валюта бағамы
USD 377.09
EUR 407.37
RUB 5.93
CNY 53.95

Алматылықтар жер сілкінісін сезінді

2020 жылдың 17 қаңтар 2020 22:20

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы тұрғындары жер сілкінісін сезінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«17 қаңтар күні сағат 22.09-да Алматы қаласында жер сілкінісі тіркелді. Зілзаланың ошағы мен магнитудасы анықталу үстінде», - делінген Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінде.

ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы Сейсмикалық стансалар желісінің ақпаратына сүйенсек, жер сілкінісі Алматы уақытымен 22 сағат 05 минут 49 секундта тіркелді.

Зілзала ошағы Алматы қаласынан 368 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан.

МSК-64 бағаны бойынша Алматыда 2 балл қуатымен сезілген.

Энергетикалық санаты - 12,7. MPV магнитудасы – 5,7. Тереңдігі – 10 шақырым.


Жоғары қарай