Ауа райы
Астана -5 °С
Алматы -7 °С
валюта бағамы
USD 377.09
EUR 407.37
RUB 5.93
CNY 53.95

Алматылықтар Жаңа жылды салық қарызынсыз қарсы алмақ

2019 жылдың 23 желтоқсан 2019 13:41

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Мемлекеттік кірістер департаменті 27 қараша мен 14 желтоқсан аралығында Полиция департаменті мен жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасымен бірлесе отырып «Жаңа жылды салық қарыздарынсыз қарсы алайық» іс-шарасын өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл акцияның арқасында бюджетке 16 млн теңге сомасында берешек өндіріп алды.

Сонымен қатар, осы арада 3 531 салық төлеуші қарыздарын ерікті түрде өтеген.

Жеке тұлғалардың көлік салығы бойынша берешегі 150 млн теңгеге төмендеді.

Осыған байланысты Алматы қалалық Мемлекеттік кірістер департаменті жеке сот орындаушыларының қосымша шығындарын үнемдеуге мүмкіндік беретін мәжбүрлеу шараларын күтпестен салық берешегін төлеуді сұрайды.

Басты сөздер: Алматы, Салық,
Жоғары қарай