Ауа райы
Астана -1 °С
Алматы 6 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматылықтар коронавирустың бар-жоғын анықтау үшін 3 зертханада тестілеуден өте алады

2020 жылдың 13 наурыз 2020 17:47

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы тұрғындары COVID-19 жұқпасын анықтау үшін аккредиттелген 3 зертханада тестілеуден өте алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық тауарлар мен қызметтердің қауіпсіздігі мен сапасын бақылау департаментінің хабарлауынша, коронавирус жұқпасының симптомдары байқалған тұлғалар жергілікті емханаға барып, талдау тапсыруы тиіс.

«Қан жұқпалы аурулар стационарында алынады. Талдау материалдарын тек оқытылған медициналық қызметкер алады. Сосын материалды Алматыдағы үш зертханаға әкеледі. Олар Жібек жолы, 3 мекенжайындағы ұлттық сараптама орталығы, Әуезов көшесі, 84 мекенжайындағы санитарлық эпидемиологиялық сараптама және бақылау ғылыми практикалық орталығы, Қапал, 14 мекенжайындағы Масғұт Айқымбаев атындағы қазақ карантин және жұқпалы аурулар ғылыми орталығында орналасқан. Адамдар өздігінен бұл зертханаларға бара алмайды. Себебі, ол жерде қан тапсыратын процедуралық кабинеттер жоқ. Сұрақ болса 382-35-36 және 382-33-50, 1406 нөмірлеріне хабарласуға болады», - деді департамент қызметкері.


Жоғары қарай