Ауа райы
Астана 6 °С
Алматы 4 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматылықтар Алтын орда мәдениетімен танысуға мүмкіндік алды

2019 жылдың 11 желтоқсан 2019 16:28

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматылықтар Алтын Орда дәуіріндегі сирек жәдігерлермен танысуға мүмкіндік алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін ҚР Орталық музейінде «Алтын Орда – қазақ мемлекеттілігінің бесігі» көрмесі ашылды.

Бұл мәдени шара ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 1269 жылы Талас құрылтайында дербестігі толық мойындалған Алтын Орда империясының 750 жылдық мерейтойын мерекелеу туралы мәлімдемесіне орай ұйымдастырылып отыр.




Президент өз мәлімдемесінде біздің еліміздің бай мәдени мұрасын дәріптеудің маңыздылығына тоқталып, киелі нысандардың қазақстандықтар мен шетелдік туристерді тарту орталығына айналуына басымдық беруді тапсырған болатын.

«Бүгін ашылған көрме Алтын орданың 750 жылдығына байланысты болып отыр. Алтын орда – қазақтың алтын бесігі. Осыдан қазақ хандығы құрылған. Бүгінгі көрмеде XIII-XIV ғасырлардағы Алтын орда уақытын қамтитын артефактілер қойылып жатыр. Бүгінгі көрмеде бірегей көрнекті заттар, жібек маталар қойылды. Жібек мата - теңдесі жоқ мата. Оның ішінде алтынмен тігілген жіптер де бар. Сонымен қатар, сол кезеңді қамтитын жауынгерлердің саймандары, ақша, әшекей бұйымдар қойылған. Мемлекет болған соң монета сарайы болады. Жалпы алғанда біздің қалаларымыз Ұлы Жібек Жолында жақсы дамыған. Көрмеге қойылған тағы бір керемет материал - Каталон атласы, яғни әлем картасы. Бұл картаны 1375 Авраам есімді еврей жасап, француз королі Хуан І-ге сыйлаған. Қазір оның түпнұқсасы француз ұлттық кітапханасында сақталып тұр. Осы картада Қазақстанның Алтын Орда уақытында өмір сүрген оңтүстік шығысымыз Жетісу өңірі көрсетілген», - деді ҚР Мемлекеттік Орталық музейінің археология орталығының жетекшісі Хамит Айтқұлов.







Ұйымдастырушылардың таратқан ақпаратына сәйкес, мұнда оталық музейдің қорындағы XIII-XIV ғғ. тән 300 жуық артефакті қойылған. Бірегей коллекция музейге келушілерді Алтын Орда кезеңінің мәдениетімен, тұрмыс-тіршілігімен таныстырады. Көрменің ерекшелігі Алматы облысы, Шеңгелді ауылы маңындағы қабірден табылған артефактілер – XIII-XIVғғ. Шағатай әулеті шенділерінің бірі – сарбаздың жібектен тігілген сәнді киімінің фрагменттері алғаш рет келушілерге көрсетіледі.




«Ұлы Жібек жолы. Сауда. Импорт бұйымдары. Монеталар» бөлімінде Қазақстанның алтынордалық қалаларынан табылған импорт бұйымдары, сонымен қатар Сарайшық қалашығынан табылған Жошы ұлысының және XIII-XIV ғғ. өзге мемлекеттердің 25 монета сарайының өнімі – күміс, мыс монеталар көз тартады.

«Діндер: тәңірлік, ислам, несториандық, зороастризм, буддизм» бөлімінде несториандық құлпытастар және тағы басқа деректермен танысуға болады.

«XIII-XIVғғ. Мінәжатттық діни ғимараттар сәулеті» экспозициялық бөлімінде Сарайшық қалашығындағы ғимараттардың фрагменттері, Жошы хан, Алаша хан, Болған ана мазары, Қожа Ахмет Ясауи кесенесі сынды сәулет өнері ескерткіштерінің макеттері қойылды.

Көрме жыл соңына дейін жалғасады.





































Жоғары қарай