Ауа райы
Астана 14 °С
Алматы 20 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Алматылық маман экология талаптарын бұзған кәсіпкерден пара сұраған

2020 жылдың 26 маусым 2020 18:41

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Алматы қаласында «Медеу» мемлекеттік өңірлік табиғи паркі» КММ маманы кәсіпкерден пара талап етті деп айыпталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 1-ші департаментінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Бигайдаров айтып берді.

«Алматы қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті Алматы қаласы жасыл экономика басқармасына қарасты «Медеу» мемлекеттік өңірлік табиғи паркі» КММ қоршаған ортаны қорғау және экология бөлімінің Наурызбай аудандық бөлімшесінің басшысын ұстады. Ол экологиялық нормаларды сақтамаған жеке кәсіпкерден әкімшілік жауапкершілікке тартпау үшін 180 000 теңге сомасында ақша талап еткен», - деді Д. Бигайдаров Facebook парақшасында өткен онлайн брифингте.

Спикердің айтуынша, тергеу жұмыстары жалғасып жатыр. Күдіктіге қатысты түпкілікті шешімді сот шығарады.



Жоғары қарай