Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Алматылық екі полицей әйел ерлермен тең дәрежеде басқарма ғимаратын қорғаған

2022 жылдың 16 қаңтар 2022 00:51

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Әйел-полицейлер тәртіпсіздіктер мен қарулы шабуылдар кезінде қалай қызмет еткендерін айтып берді, хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Медеу аудандық полиция басқармасының екі инспекторы - Қарлығаш Көпбаева мен Евгения Калнышева антына адал, сертіне берік мамандар.

«Әйел қызметкерлерді үйлеріне қайтару ұсынылғанда, біздің әріптестеріміз Евгения Калнышева мен Қарлығаш Көпбаева екі күн бойы ерлермен тең дәрежеде Полиция басқармасының ғимаратын қорғады, құдай сақтасын, бірақ оқиға жаман жағынан дамыған кезде олар бізбен бірге қарулы қылмыскерлерге қарсы тұруға дайын болды. Бұл жанқиярлық іс құрметке лайық және Отанға лайықты қызмет етудің жарқын үлгісіне айналары сөзсіз», – деді Медеу аудандық Полиция басқармасының бастығы Дәурен Өтебаев.

Майор Евгения Калнышеваның айтуынша, бұл күндері кезекші бөлімге түскен қоңырау саны үш есеге артқан.

«Қайғылы оқиға орын алған күні Полиция басқармасына қоғамдық тәртіпті қорғауға келу туралы бұйрық алдым. 200-ден астам қоңырау келіп түсті. Қызмет өте қиын болды. Бұл күні біздің көптеген қызметкерлер зардап шекті, қаза тапты. Бұл жерде, өмірлерін қатерге тіккен менің әріптестерім, достарым болды, мен оларды тастап кете алмадым. Бұл менің міндетім. Егер мен осындай сәтте әріптестерімді тастап кетсем, туыстарым да мені түсінбес еді. Оның үстіне полиция қызметкерлерінің көмегіне үміт артқандар үшін бұл опасыздық болар еді», – деді Евгения Калнышева.

Екі полицейді де үйде балалары мен туыстары күтіп отырды. Бірақ олар азаматтардың қауіпсіздігін және Антпен берілген өздерінің қызметтік міндеттерін ойлады.

«Қазақстан Республикасының кез келген патриоты сияқты мен де қызметтік борышымды адал атқарамын. Біз болашақ ұрпаққа бейбітшілік пен мейірім, тыныштық орнаған тәуелсіз, гүлденген елді мұра ретінде қалдыруға міндеттіміз», – деді Қарлығаш Көпбаева.

Жоғары қарай