Ауа райы
Астана -22 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматыға сырттан ұшып келген 47 жолаушыдан КВИ анықталды

2020 жылдың 25 қараша 2020 17:07

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы халықаралық әуежайына 6-23 қараша аралығында 52733 жолаушысы бар 389 рейс ұшып келген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның ішінде COVID-19 анықтамасымен 47627 жолаушы, 5083 адам анықтамасыз келген. Қаланың халықаралық әуежайында санитарлық-эпидемиялық бақылауды күшейту бойынша шаралар қабылданды. Шетелден келушілер үшін 6 карантиндік стационар ұйымдастырылды.

«ПТР тест тапсыру үшін 5060 адам карантиндік стационарға жатқызылды. 47 жолаушыдан вирус бары анықталды. Сондай-ақ, анықтаманың жоқтығынан 23 шетелдік азамат депортацияланды. Алматы әуежайында халықаралық рейстермен мегаполиске коронавирус инфекциясына тестілеуден өткені туралы анықтамасыз келген азаматтарды анықтау бойынша қатаң бақылау жүргізіледі», - деді әкімдіктен.


Жоғары қарай