Ауа райы
Астана 6 °С
Алматы 8 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматыға оттегі концентраторлары жеткізілді

2020 жылдың 24 шілде 2020 15:32

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда «Шұғыла» қоғамдық қоры №7 қалалық аурухана мен модульдік жұқпалы ауру госпиталіне 13 оттегі концентраторын тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл бастама ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың медициналық мекемелерді дәрі-дәрмекпен, құрал жабдықпен қамту бойынша дағдарысқа қарсы шараларды қабылдау туралы тапсырмасын орындау аясында қолға алынды. Осыған байланысты «Шұғыла» қоры кәсіпкерлер, меценаттар, қарапайым тұрғындар арасында ӨЖЖ аппараттарына қажетті оттегі концентраторын сатып алуға қаражат жинауды бастаған болатын. Нәтижесінде 450 млн теңге көлемінде қаражат жинақталған. Бұл қаражатқа 4000 жуық концентратор сатып алынады. Оның 400-і Алматы қаласына жеткізіледі.

Бүгін бірінші кезеңмен Алматыға 543 концентратор жеткізіліп, оның әзірге 83-і Алматы медициналық ұйымдарына жеткізілді. Соның ішінде 13 концентратор «Nur Otan» партиясының мүшесі, «DacoMotorsKZ» компаниясының директоры Нұрымбек Таумен екі медициналық мекеме - №7 қалалық клиникалық аурухана мен Модульдік жұқпалы ауруханаға жеткізілді.





Оттегі концентраторлары пневмонияға шалдыққан науқастарға оксигенотерапия жүргізуге өте қажет құрал. Бүгін Қалқаман шағын ауданындағы №7 аурухана ұжымына 8 оттегі концентраторы тапсырылды. «Бізге мемлекет тарапынан, қоғамдық қорлардан дәрілік заттар, жеке қорғаныс құралдары сияқты көмек беріліп келеді. Қоғамдық ұйымдарға, қайырымдылық қорларына алғысымыз шексіз. Бүгін бізге «Nur Otan» партиясының мүшесі, «DacoMotorsKZ» компаниясының директоры Нұрымбек Тау 8 оттегі концентраторын жеткізіп отыр. Бұл пневмонияға шалдыққан науқастарға оксигенотерапия жасау үшін қажет құрал», - деді №7 аурухананың бас дәрігерінің ішкі аудит бойынша орынбасары Серікжан Сабыралиев. Оның айтуынша, қазір бұл ауруханада 763 төсек орын ашылған. Оттегі концентраторына қажеттілік әлде де көп. Тура осындай оттегі аппараттары жаңадан ашылған модульдік инфекциялық ауруханаға да берілді.





«Біздің госпиталь 18 күнде салынып, пайдалануға берілген болатын. Қазір мұнда 280 науқас емделіп жатыр. 28 реанимациялық төсек бар. Модульдік госпиталь заманауи техникамен толық жабдықталған. Алайда, оттегі концентраторы бізге қосымша көмек болары сөзсіз. Бұл – біздің емдеу тәсілдерінің бірі», - деді жаңа госпитальдің аға дәрігері Мағаз Мұқашев.















Жоғары қарай