Ауа райы
Астана 25 °С
Алматы 32 °С
валюта бағамы
USD 409.19
EUR 461.24
RUB 5.67
CNY 58.26

Алматыға коронавирусты анықтайтын 266 мың тест жеткізіледі

2020 жылдың 24 наурыз 2020 18:59

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 27 наурыз күні Алматы қаласында коронавирусты анықтайтын 266 мың тест жеткізіледі. Бұл туралы «Хабар 24» телеарнасының тікелей эфирінен ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«27 наурызда Алматы қаласына 266 мың тест алып келеді. Олар кедендік және валидация процедурасынан өткізіледі. Болжаммен 29 наурызда олар ең алдымен дәрігерлердің қолына тиеді. Бұлардың барлығы тегін тестілер», - деді министр.

Оның атап өтуінше, осы уақытқа дейін елімізде коронавирус инфекциясын анықтауға арналған 15 мыңнан астам тест жасалды. Қазіргі уақытта күніне мынан астам тест жасалып жатыр. Бұл жұмыстар алдағы уақытта да жалғасады.

«Кеше Бас санитарлық дәрігердің қаулысы шықты. Оған сәйкес қалаға келушілердің барлығына тест жүргізілетін болады», - деді Дәурен Абаев.

Автор Марлан Жиембай
Басты сөздер: Медицина, Коронавирус,
Жоғары қарай