Ауа райы
Астана 16 °С
Алматы 27 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Алматыға кіру және қаладан шығу туралы жадынама әзірленді

2020 жылдың 22 наурыз 2020 10:51

Алматы қаласы әкімдігі жанындағы төтенше жағдайды қамтамасыз ету жөніндегі жедел штаб 22 наурыз сағат 00:00-де қалаға кіруге және одан шығуға тыйым салынған «Жасыл дәлізді» бекітті.

Атап айтқанда, шектеулер медициналық және санитарлық-эпидемиологиялық қызмет көрсететін азаматтарға, сондай-ақ, жедел іске асыру мен коммуналдық шаруашылықтың, ритуалдық қызметтің, жүктердің кез келген түрлерін жүк және транзиттік тасымалдауларға, жеке куәлік бойынша мамандандырылған инкассаторлық көліктерге қолданылмайды.


Жаднаманың толық мәтіні


Алматы қаласы әкімдігі жанындағы

төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі

жедел штабпен бекітілді

Мемлекеттік органдардың барлығы орындауға міндетті

ЖАДЫНАМА

Алматы қаласына кіру және шығу жүйесі бойынша

Карантинге байланысты, 2020 жылғы 22 наурыз түнгі сағат 00.00-ден бастап азаматтар

мен көліктер Алматы қаласының аумағына кіруіне/шығуына тыйым салынады.

Енгізілген шектеулер растайтын құжаттары бар мынадай тұлғалар мен көлік

құралдарына ҚОЛДАНЫЛМАЙДЫ:

1) медициналық көмек және санитариялық-эпидемиологиялық қызмет, сондай-ақ

медициналық персоналдар (дәрігерлер, медбикелер, санитарлар, жүргізушілер - Орталық

Деректер Базасына сәйкес жеке куәлігі бар (бұдан әрі – ОДБ);

2) азаматтық қорғау, өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің

қызметкерлері (ОДБ сәйкес жеке куәлігі бар);

3) коммуналдық, авариялық қызметтердің қызметкерлері: электрмен, газбен, сумен

және жылумен жабдықтау, қоқысты жинау, сондай-ақ байланыс және коммуникация

саласының қызметкерлері және олардың көлігі (мемлекеттік нөмірлік белгі бойынша автокөлік

және ОДБ сәйкес жеке куәлігі бар жүргізушілер));

4) жерлеу қызметінің қызметкерлері мен көлігі (қазалы шеру кезінде 20 адамнан артық

және 4 көліктен артық болмауы тиіс);

5) жүк және кез-келген жүк түрлерін тасымалдаушы транзиттік көліктер: транспорттар

жүк тиелген немесе бос болуы мүмкін және жүргізушімен бірге бір жолаушыдан артық адам

болмауы керек;

6) арнаулы инкассаторлық транспорт;

7) Алматы қаласының ПД, ТЖД, Прокуратура қызметкерлерінің және Алматы қаласы

бойынша СЖҚҰБ, ҰҚК, МҚҚ, ЭЗҚ қызметкерлері мен транспорты қызметтік куәлігін

көрсеткен жағдайда;

8) Ұлттық гвардияның әскери мамандары, ҚР Қарулы Күштері және Шекара қызметінің

(Алматы әскери гарнизоны) қызметкерлері қызметтік куәлігін немесе әскери бөлім

командирінің қолы қойылған әскери билетін және тиісті құжатын көрсеткен жағдайда; жедел

қызметтегі әскерилер тек арнайы автокөлікпен;

9) Қазақстан Республикасы аумағына бұрын кірген шетелдіктердің елден шығуы үшін;

10) Бұрын шет елге шығып кеткен Қазақстан Республикасы азаматының Алматы

мемлекеттік әуежайы арқылы елге қайтуы үшін;

11) ерекше жағдайлардағы денсаулық сақтау ұйымдарының растайтын құжаттары бар,

Алматы қаласынан емделуге шыққан Қазақстан Республикасының азаматтары;

12) Алматы қаласына шұғыл емделуге келген басқа өңірлердің тұрғындары, ерекше

жағдайларда медициналық мекемелердің растайтын құжаттары ұсынылған кезде;

13) медициналық анықтама бойынша Алматы қаласындағы медициналық

орталықтардан ем алып шыққан басқа аймақтардың тұрғындары;

14) медициналық анықтама бойынша жас нәрестесімен Алматы қаласындағы

перзентханадан шығарылған әйелдер;

15) еліміздің және шет мемлекеттердің дипломатиялық қызметінің қызметкерлері және

олардың отбасы мүшелері, сондай-ақ Қазақстаннан шығатын, сонымен бірге Қазақстан

Республикасы Сыртқы істер министрлігінің шақыруы бойынша шет мемлекеттер мен

халықаралық ұйымдар делегацияларының мүшелері;

16) поезд және локомотив бригадаларының мүшелері, сондай-ақ теміржол көлігімен

тасымалдау процесстеріне қатысатын адамдар, әуе кемелері экипаждары (тиісті мәліметтер

базасындағы жеке куәлік бойынша);

17) Қазақстан Республикасы азаматтарының отбасы мүшелері болып табылатын шет

мемлекет азаматтары бір рет Алматыға кіргенде, оның өзінде (отбасылық қатынастар фактісі

расталған жағдайда – жұбайы, ата-анасы және балалары);

18) әуе және теміржол транзитімен жүрген Қазақстан Республикасының азаматтары мен

шет мемлекет азаматтары, Алматы қаласына кіру/шығу кезінде растайтын құжаттар ұсынған

кезде;

19) Алматы қаласына(н) кіріп/шыққан жағдайда медициналық анықтамамен

карантиндік оқшаулаудан өткен (Жедел штабтың орталық деректер базасына сәйкес жеке

куәлігі бар) басқа аймақтардың тұрғындары мен шет мемлекеттердің азаматтары;

20) зертханалық қызметтердің талдау жүргізуге және биоқалдықтарға қажет

биоматериалдарды қалаға жіберуіне рұқсат етіледі. Тек оларды тасымалдайтын

автомобильдердің қалаға кіруіне не шығуына шектеу бар.

21) Алматы қаласына арнайы жағдайларда Алматы қаласы әкімдігі жанындағы төтенше

жағдайды қамтамасыз ету жөніндегі жедел штабтың арнайы рұқсатымен келген қалаға кіріп-шығатын адамдар.


Жоғары қарай