Ауа райы
Астана 20 °С
Алматы 24 °С
валюта бағамы
USD 409.98
EUR 462.21
RUB 5.75
CNY 58.43

Алматыдан 76 км қашықтықта жер сілкінді

2020 жылдың 30 мамыр 2020 10:03

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ сейсмикалық стансалар желісі 30 мамыр сағат 05.27- де жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жерасты дүмпуінің ошағы Алматы қаласынан 76 шақырым қашықтықта Қырғызстан аумағында орналасты.

Энергетикалық санаты – 9,7. MPV магнитудасы – 4,0. Тереңдігі – 5 шақырым. МSК-64 бағаны бойынша сезілу туралы мәлімет түспеген.

Айта кетейік, кеше Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 204 шақырым жерде, Қазақстан аумағында жер сілкінген болатын. Энергетикалық санаты – 8,8. MPV тербелісі – 4,5. Тереңдігі – 25 шақырым.




Жоғары қарай