Ауа райы
Астана -1 °С
Алматы 3 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматыдан 457 км қашықтықта жер сілкінді

2020 жылдың 14 мамыр 2020 08:39

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ-нің сейсмикалық стансалар желісі 14 мамырда Алматы уақытымен 03 сағат 09 минут 14 секундта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан 457 шақырым қашықта Қытай аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы 12.0, магнитудасы – 5.1 Жерасты дүмпуі 5 километр тереңдікте болған. Сезілу туралы (МSК-64 шкаласы бойынша) мәлімет жоқ.


Басты сөздер: Жер сілкінісі, Оқиға,
Жоғары қарай