Ауа райы
Астана 14 °С
Алматы 16 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматыдан 260 шақырым қашықтықта жер сілкінді

2020 жылдың 12 шілде 2020 09:02

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ-нің сейсмикалық стансалар желісі 12 шілдеде Алматы уақытымен 6 сағат 28 минут жерасты дүмпуін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік батысқа қарай 260 шақырым қашықтықта Қырғызстан аумағында орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы 10.4, тербелісі – 4,8. Жерасты дүмпуі 5 шақырым тереңде болған.

МSК-64 шкаласы бойынша жер дүмпуі Алматыде сезілмеді.




Басты сөздер: Алматы, Жер сілкінісі,
Жоғары қарай