Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматыдан 133 шақырым қашықтықта 2-3 балдық жер сілкінді

2021 жылдың 17 қыркүйек 2021 09:19

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Қазақстандық сейсмологтер Алматы уақытымен 04.07-де жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» мемлекеттік мекемесінің сейсмикалық стансалар желісі 17 қыркүйек күні cағат 04:07-де жер сілкінісін тіркеді.

«Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан шығысқа қарай 133 шақырым жерде, Қазақстан аумағында орналасқан. Энергетикалық класы – 9.3. MPV тербелісі – 3.9. Жер сілкінісі эпицентрінің бағыты – 42.98° с.е. 78.51° ш.б. Тереңдігі – 15 шақырым. МSК-64 шкаласы бойынша сезілуі 2-3 балл», - делінген кезекші оператордың хабарламасында.


Басты сөздер: Алматы, Жер сілкінісі,
Жоғары қарай