Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматыдағы ЖЭО-2-ні газға ауыстыру қашан аяқталады

2021 жылдың 30 қараша 2021 15:00

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- 2022 жылдың наурыз-сәуір айларында кестеге сәйкес ескі ЖЭО-2 алаңында жаңа станция құрылысы басталады. Станцияның бірінші блогын көгілдір отынға қосу 2023 жылдың соңына жоспарланып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазіргі уақытта жобаның ТЭН құжаттары кешендік ведомстводан тыс сараптамадан өтуде. Қорытынды шешім шартта көрсетілген мерзімге сәйкес 2021 жылғы желтоқсан айының соңында берілмек.

«Жаңа станция жобасы белгіленген электр қуатының 600 МВт дейінгі мөлшерде болуын, ал жылу қуатының 957 Гкал/сағ. болуын көздейді. Электр станциясы когенерация қағидатын пайдалана отырып, яғни жылу мен электр энергиясын бірлесіп өндіруге мүмкіндік беретін қазіргі заманғы бу-газ технологиялары негізінде салынған экологиялық таза отынмен - табиғи газбен жұмыс істейтін болады. Жобаны әзірлеушілердің айтуынша, мұнда дәстүрлі бу турбиналық цикл технологиясына қарағанда табиғи газды тиімдірек жағуға мүмкіндік беретін ең озық қолжетімді технологияларды пайдалану көзделіп отыр»,- деп хабарлады «Самұрық-Энерго» АҚ баспасөз қызметі.

Компания мәліметінше, 2022 жылдың наурыз-сәуір айларында кестеге сәйкес ескі ЖЭО-2 алаңында жаңа станция құрылысы басталады. Станцияның бірінші блогын көгілдір отынға қосу 2023 жылдың соңына жоспарланып отыр.

«Техникалық-экономикалық негіздеме ТЭН әзірлеу барысында газ турбиналық жабдықтарды дайындаушы зауыттардың техникалық-коммерциялық ұсыныстары қаралды. Мұқият талдаудан кейін түпкілікті таңдау әлемнің жетекші 3 өндірушісін саралады: General Electric, Siemens, Mitsui, олардың жабдықтарының қолданыстағы жағдайларға сәйкес келетіндігі ескерілді»,- делінген компания хабарламасында.

Станцияның әрқайсысы 200 МВт-тық блогының пайдалануға берілуіне қарай жаңа жабдық қолданыстағыларды консервациялауға шығаруды кезең-кезеңімен алмастыратын болады. Электр энергиясы мен жылу өндіру тоқтатылмайды.

Негізгі технологиялық жабдықтар: газ турбиналары, бу турбинасы және қажетті қазандықтар Қазақстанда өндірілмейтін болғандықтан сырттан (импорт) әкелінеді.

Басқа жабдықтар (трансформаторлар, кабель өнімдері, сорғылар және т.б.) жергілікті өндіріс өнімдері.


Автор Алма Мұқанова
Басты сөздер: Энергетика, Алматы,
Жоғары қарай