Ауа райы
Астана 22 °С
Алматы 22 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Алматыдағы ЖЭО-2 газға көшсе, әкімдік тарифтің бір бөлігін субсидиялайды – Сағынтаев

2020 жылдың 27 мамыр 2020 20:05

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев ЖЭО-2-нің газға өтуі туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ең алдымен біз қай жолды таңдайтынымызды анықтап алуымыз қажет. Әртүрлі нұсқалар бар, сарапшылар арзан нұсқаны тапты. Егер осы ұсыныс мақұлданса, қоғамдық тыңдау өтеді, содан кейін инвестиция тарту процесі басталады», - деді Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев баспасөз мәслихатында.

Сонымен қатар, ол жобаның қаржыландыру мәселесіне тоқталды.

«Егер бұл миллиардтаған доллар болса, онда қаржыландыруды қайта қарау керек болады. Бұл қазірдің өзінде қызмет бағасына әсер етеді. Егер біз көмірден газға ауысатын болсақ, онда газдың бағасы қандай болады және оны тариф қалай көтереді осыған мән беруіміз қажет. Бұл мәселе қала тұрғындарымен ашық талқыланатын болады. Әрине, қоршаған ортаны қорғау және денсаулыққа қатысты экологиялық проблемаларды ешқандай ақшамен өлшеуге болмайды. Егер халыққа, әсіресе халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына төлеу қиын болатын болса, қала әкімідігі тарифтің бір бөлігін субсидиялауға кіріседі. Мен, қала басшысы ретінде, мұны жақсы түсінемін және соған дайынмын», - деді әкім.


Жоғары қарай