Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Алматыдағы жаңа метро стансалары қашан іске қосылады

2022 жылдың 20 қаңтар 2022 11:48

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматыда 2022 жылдың бірінші тоқсанының соңына дейін екі метро станциясы – «Сарыарқа» және «Бауыржан Момышұлы» іске қосылады. Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Биылғы бірінші тоқсанның соңына дейін «Сарыарқа» және «Бауыржан Момышұлы» метро станцияларын іске қосамыз. Қалқаман станциясының құрылысы жалғасады»,- деді Бақытжан Сағынтаев.

Қазіргі кезде жаңа станциялар 96% дайын.

Жол Абай даңғылының астында, Алтынсарин даңғылынан Ясауи көшесіне дейінгі батыс бағытта орналасқан.

«Сарыарқа» станциясы Family саябағының ауданында, ал «Бауыржан Момышұлы» станциясы Абай даңғылының төменгі жағында, Момышұлы көшесінің батысында орналасқан.


Жоғары қарай