Ауа райы
Астана 0 °С
Алматы 15 °С
валюта бағамы
USD 437.20
EUR 475.32
RUB 5.79
CNY 61.94

Алматыдағы тиін арт нысаны басқа жерге көшіріледі

2020 жылдың 14 ақпан 2020 12:13

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыдағы алып тиін Атакент аумағына көшірілмек. Бұл туралы Бостандық ауданының әкімі Алтай Рахымбетов мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алтай Рахымбетовтың айтуынша, басқа жерге ауыстыру жұмыстары наурыз айында басталады.

«Арт нысанға қатысты тұрғындардың пікірі екі бөлінген. Бірі құптасы, енді бірі қарсы. Қоғамдық пікірді ескере отырып, мүсінді толық бұзбаймыз деп шештік. Бірақ «Атакент» аумағына көшіріледі деген шешім қабылданды», - деді аудан әкімі.

Бұған дейін, әкімдік алып тиін бұзылады деп хабарлаған еді.


Автор Алма Мұқанова
Басты сөздер: Қоғам, Алматы,
Жоғары қарай