Ауа райы
Астана 20 °С
Алматы 17 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Алматыдағы такси жүргізушілеріне санитарлық талап күшейтілді

2020 жылдың 29 наурыз 2020 17:30

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда коронавирустың кең таралуына байланысты жүргізушілерге қойылатын талап күшейтілді , деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қалалық тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау департаментінің хабарлауынша, қалада ресми тіркелген такси қызметі жұмыс істей береді. Бірақ олар санитарлық талапты орындаулары тиіс. Арнайы қызмет көрсететін жеңіл көлікте екі адамнан артық жолаушы отырмауы керек.

«Арнайы қызмет көрсететін жеңіл көлікте жүргізушіні қосқанда, екі адамнан артық жолаушы болмауы керек, жолаушылар бір-бірінен өте алшақ отыруы үшін олар шахмат тәртібімен (қиғаш) орналасуы тиіс. Жеңіл көліктер жеке қорғаныс құралдарымен (медициналық маска және антисептиктермен) қамтамасыз етілуі қажет. Жүргізуші міндетті түрде маска тағып отыруы тиіс», - деді Алматы қалалық тауарлар мен қызметтер сапасын және қауіпсіздігін бақылау департаменті.


Автор Алма Мұқанова
Басты сөздер: Алматы, Коронавирус,
Жоғары қарай