Ауа райы
Астана 25 °С
Алматы 27 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Алматыдағы Орталық қалалық клиникалық аурухананың жұмысы тоқтады

2020 жылдың 22 сәуір 2020 17:38

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыдағы Орталық қалалық клиникалық ауруханадағы науқастарды басқа медицина мекемелеріне ауыстырып жатыр. Бұл туралы Алматы қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Кеше мен карантинге жабылған Орталық қалалық клиникалық аурухананың жұмысын тоқтату туралы қаулы шығардым. Қазір медқызметкерлер мен науқастар басқа ауруханаға ауыстырылып жатыр»,– деді Жандарбек Бекшин.

Сондай-ақ, ол ҚР ҰҚК Шекара қызметі академиясының да карантинге жабылғанын айтты. Онда 67 курсанттан коронавирус инфекциясы табылған.


Жоғары қарай