Ауа райы
Астана 23 °С
Алматы 22 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 465.73
RUB 5.79
CNY 58.91

Алматыдағы ОҚКА аурухананың бас дәрігері қызметінен өз еркімен кетті – Қамалжан Надыров

2020 жылдың 15 сәуір 2020 19:15

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Қамалжан Надыров Орталық қалалық клиникалық аурухана басшысының жұмыстан кетуіне байланысты түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Медициналық ұйымның басшысы – қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының құзырындағы штаттық бірлік. Менің білуімше, бас дәрігер өз еркімен өтініш жазды. Біз сіздермен құқықтық мемлекетте өмір сүріп жатырмыз. Еңбек кодексін де, мемлекеттік қызметкерге деген қарым-қатынасты да білеміз. Сондықтан, егер біреуде қандай да бір сұрақ туындаған болатын болса, біз оларды құқықтық алаңда қарастыруымыз керек», - деп түсіндірді Қ.Надыров.

Еске сала кетсек, 14 сәуірде Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының бұйрығымен Алматы қалалық орталық ауруханасының меңгерушісі Алмас Болатұлы Жувашев қызметінен босатылған еді.

Медициналық ұйым басшысының міндетін бүгінгі таңда Марат Абдуллаев атқарып жатыр.


Жоғары қарай