Ауа райы
Астана 25 °С
Алматы 27 °С
валюта бағамы
USD 409.19
EUR 461.24
RUB 5.67
CNY 58.26

Алматыдағы мемлекеттік спорт ұйымдарында оқыту-жаттығу  тоқтатылды

2020 жылдың 14 наурыз 2020 17:40

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыдағы мемлекеттік спорт ұйымдарында оқыту-жаттығу тоқтатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мегополисте барлығы 14 коммуналдық спорт нысаны бар. Оның 9-ы балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектебі. Спортпен шұғылданатындардың саны 12 мыңнан асады. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша 13 наурыздан бастап Алматы қаласының барлық мемлекеттік спорттық мектептерінде оқу-жаттығу процесі тоқтатылды»,– делінген қалалық спорт басқармасы таратқан хабарламада.

Жергілікті және республикалық бюджеттен қаржыландырылатын спорт нысандарындағы оқу-жаттығуларға, физикалық-сауықтыру қызметтерін ұсыну және спорт саласындағы әлеуметтік жобаларды іске асыруға да шектеу қойылды.

Сондай-ақ, жеке спорт ұйымдарына қызметтерді уақытша тоқтату жөнінде ұсынымдар берілді.

Сонымен қатар, барлық спорт түрлері бойынша қалалық құрама командаларының мүшелеріне Қазақстанан шығуға шектеу қойылды.


Автор Алма Мұқанова
Басты сөздер: Алматы, Спорт, Коронавирус,
Жоғары қарай