Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматыдағы крематорийдің құрылысы қашан аяқталады

2021 жылдың 22 қаңтар 2021 19:38

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыдағы крематорийдің құрылысы 2021 жылдың қыркүйегінде аяқталады. Бұл туралы мемлекеттік сатып алу сайтында жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Келісімшартқа сәйкес, крематорий Алматы қаласы Алатау ауданы Ақын Сара көшесінің солтүстігінде, ЖЭО-2 шығысына қарай орналасқан патологоанатомиялық бюро жанынан (сыртқы инженерлік желілерсіз) салынады.

Құрылыстың аяқталу мерзімі - 2021 жылдың қыркүйек айы.

Құрылыс құны - 1,3 млрд теңге.

Айта кетейік, 2020 жылдың жазында крематорий құрылысының жобалық-сметалық құжаттарын әзірлеуге тендер жарияланған болатын.

Мәйтті өртеуге арналған нысан бір үлкен бөлме мен екі пештен тұратын болады. Оның жобалық-сметалық құжаттамасын дайындауға 46 млн теңге бөлінген.

Тапсырыс беруші – Алматы қаласы жайлы қалалық орта басқармасы.


Жоғары қарай