Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматыдағы крематорийдің құрылысы биыл аяқталады

2021 жылдың 28 қазан 2021 19:30

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыдағы крематорийдің құрылысы 2021 жылдың соңына дейін аяқталады. Бұл туралы Алматы қаласы жайлы қалалық орта басқармасының басшысы Сапар Нұрашев брифинг барысында мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бұл нысанды біз крематорий демейміз. 2020 жылы патологиялық бюроны пайдалануға бердік. Ол ЖЭО-2 оңтүстігіне қарай орналасқан. Нысан патологиялық бюроның филиалы болып саналады. Оның функционалдық мақсаты биологиялық және медициналық қалдықтарды жою «, - деді Сапар Нұрашев. Спикердің сөзінше, қазіргі уақытта құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын қалды. « Бүгінгі күні нысан ішінде қондырғыларды іске қосу-монтаждау жұмыстары жүріп жатыр. Чехиядан құрал-жабдықтар жетікзілді. Қазір өндіруші компанияның өкілдері келіп, монтаждау жұмыстарын жүргізіп жатыр», - деп түсіндірді Сапар Нұрашев.

Айта кетейік, 2020 жылдың жазында крематорий құрылысының жобалық-сметалық құжаттарын әзірлеуге тендер жарияланған болатын. Тапсырыс беруші – Алматы қаласы жайлы қалалық орта басқармасы.


Автор Алма Мұқанова
Басты сөздер: Алматы, Құрылыс,
Жоғары қарай