Ауа райы
Астана 20 °С
Алматы 20 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 465.73
RUB 5.79
CNY 58.91

Алматыдағы коронавирус жұқтырған адамдардың қазіргі жағдайы қандай

2020 жылдың 13 наурыз 2020 19:20

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Бүгін Алматыда қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев пен қалалық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Халықова брифинг өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Тілеухан Әбілдаевтың айтуынша, коронавирус жұқпасы табылған тұлғалардың жағдайы тұрақты.

«Бір пациент 9 наурызда Алматыға келген. 1б санаты бойынша үй карантинінде жатқан. Екінші пациент 12 наурыз түнде Германиядан келді. Бұл уақытта бұл ел 1а санатына өткен. Сол үшін келген 12 жолаушы экипажбен бірге И.Жекенова атындағы инфекциялық ауруханада стационарға оқшауланған. Барлығы ДДҰ протоколына сай емделіп жатыр. Қазір барлығы 1 санат бойынша көпрофильді стационарларда 476 адам жатыр. №1 көпбейінді медициналық орталықта - 197, 2 ауруханада – 168 адам, №1 ауруханада - 111 адам карантинде жатыр»,- деді Т.Әбілдаев.

Басқарма басшысының айтуынша, қалада қажетті дәрі дәрмек пен зарарсыздандыру құралдары жеткілікті.

Еске сала кетсек, бұған дейін басқарма басшысы Алматыда коронавируспен күреске қанша қаражат бөлінгенін айтқан еді.


Жоғары қарай